Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру

12.04.2023

2023 жылғы 12 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері үшін «SANALY URPAQ» клубының белсенділерімен және Студенттік Парламенттің құқық және тәртіп фракциясының депутаттарымен СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы С. Н.Зайцевамен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара студенттердің құқықтық санасын дамытуға, алынған мәліметтер негізінде іске асыру, жалпылау және қорытынды жасау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Светлана Николаевна өз сөзінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген жаңалықтар туралы хабарлады және ҚР ҚК «Пара алу» 366-бабы, «Пара беру» 367-бабы, «Парақорлыққа делдалдық ету» 368-бабы сияқты баптарын түсіндірді. Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша өзекті мәселелерді және мәселені шешудің тиімді жолдарын талқылады. Студенттер қойған сұрақтарға құзыретті жауаптар берілді.



Текст
Виртуальная приемная